Сенаторлар Елбасы Жолдауын түсіндіріп, насихаттау үшін Түркістан облысында жүр

Бүгін Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Түлкібас ауданына арнайы іссапармен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев келіп, аудан активімен және тұрғындармен кездесті. 

Түркістан облысы: Созақ ауданында «пробация үйі» ашылды

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғаны белігілі. Осыған орай Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында «Пробация үйі» ашылды. Бұл – Елбасы реформасын жүзеге асыру негізіндегі атқарылған істің нәтижесі. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданындағы ауыл көшелері жарықтандырылды

Табиғаты көркем Төлеби ауданы мемлекет тарапынан қолдау тауып, көркейіп келеді. Әсіресе, ауыл округтеріндегі жарық мәселесі оң шешімін табуда. Жаңа бағаналар орнатылып, көше бойы жарықтандырылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін жаңа үшін трансформаторлар орнатылды. 

Түркістан облысы: грек-рим күресінен шардаралық балуандар облыста топ жарды

Шардара топырағында тұңғыш рет өте жоғары деңгейде "Астана қаласының 20 жылдығына" арналған Грек-рим күресінен 2002-2004 және 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. 

Түркістан облысының боксшысы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазан айының 2-6 күндері аралығында Жамбыл облысының Меркі ауданында Меркі ауданының 90 жылдығы және ҚР спорт шебері Болат Намысбековты және жаттықтырушысы Жұмағали Байтиковты еске алуға арналған XVIIIхалықаралық турнирі өтті. 

Түркістан облысы: Шардарада күріш жиналып жатыр

Қазанның басында Шардара ауданы бойынша егілген 1115 гектар күріштік алқапқа орақ түсіп, оның 530 гектары жиналып үлгерді. Диқандар қырманына 3720 тонна күріш салысы жиналды. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша күріштің орташа өнімділігі гектарына 70,2 центнерден айналып жатыр. 

Түркістан облысы: «Нұр отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы сайланды

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ХХХІІ конференциясына қатысты. 

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы сайланды

Қазанның 3-інде «Нұр Отан» партиясы Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс І есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, әйелдер кеңесі, жастар жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.