Вторник, 16 Октябрь 2018 16:19

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы сайланды

Қазанның 3-інде «Нұр Отан» партиясы Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс І есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, әйелдер кеңесі, жастар жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. 

Конференцияда сөз алған «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов күн тәртібіндегі бірінші мәселе – партияның аудандық филиалының төрағасын сайлау бойынша сөз сөйлеп, филиал төрағалығына Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың кандидатурасын сайлауды ұсынды. Нәтижесінде делегаттардың бірауыздан қолдауымен «Нұр Отан» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев сайланды.

Жиын барысында сөз алған аудан басшысы өзіне жүктелген зор жауапкершілік пен сенімді ақтайтынын жеткізді. «Маған білдірген үлкен сенімдеріңізге рахмет. Біріншіден, үлкен жауапкершілік, міндет, алдағы уақытта сіздермен бірлесіп, қоян-қолтық жұмыс істеп, барлық міндеттерді абыроймен орындаймыз деп сенемін. Аудан экономикасын өркендетіп, партия беделін жоғарылата беруге бар күш-жігерімді жұмсаймын», - деді Жамантай Қанайұлы.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 767 times