Түркістан: Бәйдібек ауданының мал дәрігерлері біліктіліктерін арттыруда
Мал дәрігерлік қызмет салғырт қарайтын сала емес. Осыны ескерген Бәйдібек ауданының ветеринар мамандары малдарды тоғыту, екпе егу жұмыстарына белсенділік танытуда.
Мал дәрігерлік қызмет салғырт қарайтын сала емес. Осыны ескерген Бәйдібек ауданының ветеринар мамандары малдарды тоғыту, екпе егу жұмыстарына белсенділік танытуда.
Түркістан облысы, Жетісай ауданында әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі түсіндірілді. Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жұмағали Төреқұл бастаған топ елді мекендерді аралауды бастады.
Түркістан облысы Полиция департаменті жанынан құрылған фронт-офистер қарқынды жұмыстар атқаруда. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасындағы тапсырмаларды орындау мақсатында, сондай-ақ аумақтық полиция бөліністерінде бірыңғай үлгі бойынша азаматтарды қабылдау үшін Түркістан облысы Полиция департаментінде халықтық-кеңселер ашылып, азаматтарды қабылдауда.
Түлкібастық көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек қаржысына үй іргелік сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында жұмыссыз, тұрмысы төмен азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тұрмыс сапасын арттыруға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар толыққанды іске асуда.
Түркістан облысы Арыс қаласының полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасыға қуаныш сыйлады. Атап айтсақ, Түркістан облысы Арыс қаласының полицейлері ай сайын өз тараптарынан қаржы жинап, аз қамтылған және жағдайы төмен, көпбалалы отбасы мен жалғызілікті аналарға көмек қолын созып келеді.
Түркістан облысы полицейлері малын іздеп шығып, жардан құлап 5 сағаттай жатып қалған тұрғынды құтқарды. Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан кешкі уақытта жайылымнан келмеген малын іздеп шыққан 60 жастағы анасы бірнеше сағаттан бері із-түссіз жоқ болып кеткені жөнінде хабарлама келіп түседі.
Кентауда 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Бекайдар Әлімбетов жаңа пәтер иелерін құттықтады.
Түркістан шаһары жаңа саябақпен толықты. Қаладағы Есім хан алаңына жаңадан көрік берген «Гүлдер» саябағы ресми түрде ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала əкімі Рашид Аюпов, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері келіп, гүлзарлы орынның лентасын қиды.