Шымкент: шілдеден бастап құтқару қызметі ұсынылады
Шымкент қаласының тұрғындары 1 шілдеден бастап 1355 нөміріне қоңырау шала алады. Бұл – құтқару қызметі. Сала мамандары кез келген уақытта қол ұшын созуға сақадай сай.
Шымкент қаласының тұрғындары 1 шілдеден бастап 1355 нөміріне қоңырау шала алады. Бұл – құтқару қызметі. Сала мамандары кез келген уақытта қол ұшын созуға сақадай сай.
Шымкентте «демалыс» профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын балалармен және олардың ата-аналарымен түрлі іс-шаралар өткізілуде. Шымкенттің Төтенше жағдайлар басқармасы мен Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері балаларға терезелерден құлап кетпеу үшін және суға тұншықпау үшін не істеу керектігін түсіндіріп жатыр.
Шымкенттіктер тағы бір қуанышты оқиғаның куәсі болды. Астананың 20 жылдығына орай шымкенттік 15 тұрғынға пәтер кілті салтанатты түрде табыс етілді. Бұл пәтерлер Шымкентте жаңадан ашылған Астана шағынауданында орналасқанын айта кетейік.
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, Шымкентте жаңа шағынаудан пайда болды. «Астана» деп аталады. Елбасының бастамасымен ашылған «Астана» шағынауданы мегаполистің орталығындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан.
Шымкент қаласындағы «Бекжан» базары маңында салынып жатқан Алматы-Ташкент бағытындағы Темірлан тас жолы жолайрығының құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталыпты. Құрылыс жұмыстары былтыр, яғни 2017 жылы басталған болатын. Құрылысшылар Құдай қаласа қараша айнының алғашқы күндері пайдалануға беруді жоспарлап отыр екен.
Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына арналған тағы бір демалыс орны пайда болады. Қошақарата өзенінің маңын көріктендіріп жатқан мекеме «Шымкент» каналының жағалауын да абатандырмақ.
Естеріңізде болса таяуда Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қалада өткізіліп келе жатқан азық-түлік жәрмеңкесіндегі саудагерлерден құралған бастамашыл топ пен құқық қорғаушылардың қатысуымен өткен қала әкімдігіндегі жиналыста жәрмеңкенің ары қарай да өткізіле беретінін айтып еді.
Шымкенттің әкімшілік іскерлік орталығындағы әуенді субұрқақты жөндеу жұмыстары аяқталды. Таяуда бұл нысанға жауапты «Жасыл қала» мекемесі ұрланған электр желілерінің орнына жаңасын орнатып, жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Соның арқасында субұрқақ бейсенбі күні, яғни 31 мамырда іске қосылып отыр. Іске қосылып қана қоймай, әуезді әуені тынығушыларға қуаныш сыйлауда.