Воскресенье, 07 Октябрь 2018 08:01

Түркістандықтар Елбасының Жолдауындағы бастамаларды зор ықыласпен қабылдады

Бесінші қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласында Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысының Жолдауын Түркістан облысының тұрғындары тікелей эфирден тамашалады.

Кентау трансформатор зауытында 200-ге жуық адам өндіріс орнында Жолдауды тікелей эфирден көргенін де айта кеткен жөн. Жұмысшылар Президенттің жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған игі іс-шараларға ризалықтарын білдіріп жатты.

Сондай-ақ, Түркістан облысының медицина саласының бірқатар өкілдері өз жұмыс орындарында Жолдауды көрсе, Түркістан қаласындағы педагогикалық колледжде де арнайы көрсетілім ұйымдастырылды. Бұл ұжымдарда да колледж мұғалімдері, студенттер, ақсақалдар және түрлі этнос өкілдері Елбасы Жолдауын зор ықыласпен тыңдады.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, жалпы, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жұртшылық Жолдауды тамашалап, Елбасы бастамаларына қолдау білдірді. Айтқан әрбір сөзін үлкен ықыласпен тыңдады.

 «AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Read 673 times