Воскресенье, 11 Ноябрь 2018 15:13

Түркістан облысы: Түлкібаста Елбасының Жолдауы жүзеге асуда

Апта бейсенбісінде Түлкібас ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Жабағының төрағалығымен Елбасының кезекті Жолдауындағы басты мәселе – кәсіпорындарда және жеке кәсіпкерлердің қарамағындағы жұмысшылардың жалақысын көтеру мақсатында жиын өтті. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыру, әл-ауқатын өсіруге басым бағыт бере отырып, бірқатар тапсырмаларын жүктеді. «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табысы артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз» деген Мемлекет басшысы ең алдымен Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Сондай-ақ бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өсетінін айтып өткен болатын. Осы мақсатта «Түлкібас несие» серіктестігі, «Түлкібас әк зауыты» ЖШС, «КасБетон» ЖШС басшылары 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшыларының айлық жалақыларын 20%-ға көтеретіндігін мәлімдеп, сонымен қатар басқа да аудан аумығында орналасқан кәсіпорындар мен шаруақожалық басшылары осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізетіндігін айтты.

Сондай-ақ жиын барысында аудандағы ірі кәсіпорындармен шаруа қожалықтарының өндіретін өнімдерін экспорттау туралы жоспарлары талқыланды. 2019 жылдан бастап «Түлкібас әкзауыты» ЖШС, «САС-Тобе Технолоджис» ЖШС, «Арсен-Ас» ЖШС және «Мичурин Алма Экспорт» ЖШС өкілдері Орта Азия елдеріне өз өнімдерін экспортқа шығаратындарын айтып өтті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 668 times