«Қазіргі уақытта облыс орталығында бой көтеретін жаңа әлеуметтік және мәдени нысандарының концепт-эскиздерін дайындауға бағытталған «TURKISTAN ARCHITECT AWARDS» халықаралық сәулет конкурсына ұсынылған жұмыстар іріктелуде. Елбасы тапсырмасы бойынша салынатын нысандарға жауапты әр облыс әкімдіктері мен ірі компаниялардың өкілдерімен бірлесе отырып жол картасы әзірленді. Нысандар орналасатын аумақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілуде», – деді Қайрат Теміршотұлы.
Өз кезегінде облыс әкімі жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалу керектігін атап өтті.«Әр жобаның орындалу барысы тұрақты түрде баяндалып тұрсын. Өз тарапымыздан атқарылатын жұмыстар толығымен орындалсын. Құрылыстың сапасына және мерзіміне аса мән берілу керек. Елбасының Түркістанды дамыту бойынша берілген тапсырмасын тиянақты орындау тиіспіз», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Кездесу соңында қала әкіміне, облыстық құрылыс басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармасының басшыларына, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берілді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»