Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков құттықтау сөз сөйлеп, парасаты мол, пайымы жоғары Елбасының асқақ тұлғасы жайлы әңгімелеп берді.
Шара барысында ол осы айтулы мерекеге орай, әр салада мол жетістікке жеткен бір топ жетісайлықтарға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті. Шара мерекелік концертке ұласты.
Тағы бір атап өтер жайт, Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен 100 шырша отырғызылды. Шараға Жетісай қаласы әкімдігі ұйытқы болды. Қала әкімі Тұрышбек Елшібаев бастаған аппарат қызметкерлері мен қала ардагерлері М.Әуезов және Абай көшелерінің бойына шырша көшеттерін отырғызып шықты. Қала басшылығының айтуынша, алдағы жылы шаһардағы барлық көшелерге мыңға жуық шырша көшеті отырғызылмақшы.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.