Орталықтың негізгі мақсаты – жастарды цифрлық-электронды түрде қызмет алуға үйрету және электрондық үкімет порталында қызмет алу дағдыларын жетілдіру. Мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілетін орталықта 20-дан аса қызметті, яғни жатақханаға орналасу, сынақ кітапшасын, мекенжай анықтамасын, диплом түпнұсқасын алуға болады.
Осылайша «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы студенттердің уақыттарын үнемдеуге және алаңсыз білім алуына мүмкіндік беріп отыр.
Естеріңізге салсақ, осындай орталық облыстық жоғары аграрлық колледжінде ашылып, өз жұмысын жүргізуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.