Понедельник, 24 Декабрь 2018 09:19

Түркістандағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта құрылыс қарқын алды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан 26 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. 

1536 пәтерден тұратын баспаналардың 1200 пәтері (20 тұрғын үй) арендалық саналса, қалған алтауы, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналар қатарында. Іргетасы осы жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында тапсырылады. Ал 9 тұрғын үй (540 пәтер) келер жылдың қараша айында ел игілігіне берілмек. Кредиттік көпқабатты 6 тұрғын үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында аяқталып, пайдалануға тапсырылмақ.

Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ 900 орындық мектептің тұсауын алдағы жаңа оқу жылына дейін кесу жоспарланған.

Мұнда басқармалар мен департаменттер үйлері және 5 жұлдызды «Риксос» қонақүйінің құрылысы басталып кетті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1988 times