Асқар Мамин бөлімдердің орналасу сұлбаларын көрді. Бірыңғай орталық аумағында жедел медициналық жәрдем станциясы, онкологиялық және радиологиялық орталық, сонымен қатар жаңа туған нәрестелерге арналған интенсивті терапия бөлімі жұмыс істейтін болады, бұл бөлім сәбилер өлім-жітімін азайтуға мүмкіндік береді. Одан соң Асқар Мамин облыс орталығының құрылысы барысын тексеріп, әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи мақсаттарда салынып жатқан нысандарды көрді.
ҚР Үкіметінің басшысы облыс әкімдігі, медиа орталық, конгресс-холл, «Нұр-Сұлтан» алаңы, халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарының құрылыс алаңын аралады. Әлеуметтік мақсаттағы нысандардың ішінен Асқар Мамин спорт және музыка мектептерінің, туристік бағыттағы колледждің, стадионның, оқушылар және спорт сарайларының салыну барысын көрді. Сонымен қатар, салынып жатқан Қазақ драма театры, неке сарайы ғимараттарын, сондай-ақ аттракциондары бар паркті, музыкалық фонтан мен амфитеатрды аралады. Қаланың тарихи-мәдени орталығында ҚР Премьер-Министрі Қ.А. Яссауи музейін, «Ұлы дала Елі» орталығын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Шығыс моншасының салынуы, Ұлы Жібек жолының қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратын, визит орталығын реконструкциялау, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын реставрациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын тексерді. Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрі жаңа саябақ пен қалалық Арбат салынып жатқан құрылыс алаңдарын аралады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»