Мерекелік іс-шара барысында өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ҚР ІІМ тарапынан 15 полицейге түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылса, ТО ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков 30-дан астам полицейді грамотамен, 40-қа жуық қызметкерді алғыс хатпен марапаттап, 50 тәртіп сақшысына алғыс жариялады. Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатымен 7, мәслихат атынан 5, Нұротан партиясы тарапынан 14, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ атынан 3 полицейге алғыс жарияланды. Жедел қызметтегі жоғарғы нәтиже
Сондай-ақ марапатталғандардан бөлек, Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығымен кейбір полицейлердің тәртіптік жазалары алынып тасталды. Облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасына береке, қызметтеріне толағай табыс тіледі. Салтанатты іс-шара соңы дарынды полицейлер мен облыстық эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»