Аудан басшысы құттықтау сөзінде: «Қадірлі мемлекеттік қызметшілер, әріптестер! Құрметті полиция қызметкерлері! Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен және Полиция күніне 27 жыл толу кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мемлекет атқаратын міндеттері мен мақсаттарын тәжірибеде жеке құрамның, мемлекет қарамағындағы мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің нақты іс-шараларының арқасында іске асырады. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу - жауапты міндет. Өйткені, мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Әрқашан халықтың сенімін ақтай беріңіздер!»-деген ізгі тілегін білдірді.
Мұнан соң аудан әкімі лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және мінсіз мемлекеттік қызметі мен жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін бір топ мемлекеттік қызметшілер мен ел тыныштығы сақтауда сүбелі еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерін марапаттады. Одан әрі салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, шараға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»