Саяси кеңес – партияның жоғары өкілдік органы. Оның өкілеттігіне партия Съезінің шешімдерін орындаудан бастап, партияның қатысуымен болатын сайлау компанияларына қатысты мәселелерді қарау, партия атынан саяси мәлімдемелер мен үндеулерді енгізу, қалыптасқан қоғамдық қатынасқа байланысты партияның ұстанымын анықтау сияқты көптеген жауапты міндеттерді атқарады.
Кеңесте партия төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов партия мүшелеріне алғысын білдірді. «Nur Otan» партиясы Елбасы анықтап берген еліміз үшін маңызды құндылықтар – ол, тәуелсіздік, жалпыұлттық бірлік, бәсекеге қабілетті қуатты экономика, білімі өркендеген қоғам мен бүкіл әлем мойындаған беделді мемлекет құру сияқты басымдықтарды сақтап, оның орындалуына қатаң бақылау жасап отырады. Ол мақсаттарға қол жеткізу үшін партияның ұзақ мерзімді саяси көшбасшылығын сақтап, оны әрі қарай нығайту қажет. Бұл – бізге жүктелген үлкен жауапкершілік. Кешегі өткен сайлауда Түркістан облыстық филиалы құрамындағы 255 бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде 90 мыңға жуық партия мүшелері сайлауға белсене қатысып, белсенділік танытқан болатын» – деді ол.
Сондай-ақ, күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиев сөз сөйлеп, «Кентау трансформатор зауыты» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Хайрулла Байділдәұлы Қожабаев пен «Jas Otan» Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрайымы Жұлдыз Намаз және айтыскер ақын БіржанБайтуов баяндама оқып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кеңеске 41 Саяси кеңес мүшелері мен аудандық, қалалық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, партия ардагерлері мен белсенділері және бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанатының жастары қатысты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»