«Бүгін жылжымалы лабораториялар арқылы қала аумағында және сыртында зерттеу жасалды. Радиациялық жағдай тексеріліп, 518 сынама өлшемдері жүргізілді. Радиациялық фон қалыпты деңгейге сәйкес келеді. 50 орында атмосфералық ауаның сапасы тексерілді. Нормативтен ауытқу анықталған жоқ. Қазіргі таңда қала бойынша ауыз су құбырларының дезинфекциясы және жуып-шаю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс бүгін сағат 18.00-де аяқталады. Қоқыс жиналатын контейнерлік орындар толық дезинфекциядан өткізілді. Бұл жұмыстарға Түркістан облысымен қатар Қызылорда, Жамбыл өңірлерінің мамандары тартылды. Қаланың ауасы қауіпсіз. Арыста радиация қаупі жоқ», – деді ол.
28 маусымда таңғы 8.00-ден бастап арыстықтар өз үйлеріне орала бастайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев мәлімдеген болатын.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»