Шара барысында Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Орманов бастаған аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі, тағдыр тауқыметін бастарынан өткеріп жүрген балалардың отбасына арнайы барып, сыйлықтар табыстап, қуанышқа бөледі. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында әр қазақстандық жаңғыруды өзінен бастауы қажеттігін ескерген болатын. Қазіргі уақытта жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде қайырымдылықтың мәні, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды мейірімділік, өнегілік тұрғысынан қараудың маңыздылығы артып отыр.
Қайырымдылық жалпыадамзаттық құндылық, азаматтық қоғамның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы орайда бүгін аудан әкімдігі қызметкерлері жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарытуға үлгі болсын деген мақсатта аталмыш шараны ұйымдастырып отыр.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.