Қала әкімі Ережеп Бекет және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркебұлан Қаратүновпен бірге қаладағы басты көшелерді аралаған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қаланы абаттандыру бойынша қолға алынып жатқан тірліктермен танысты. Қалаға кіре берістегі төрт қақпа маңын абаттандыру, Жастар, Н.Оңдасынов, Төлеби, Түгелбаев көшелеріндегі суағарлар мен аяқжолдардың жай-күйін, оларды жөндеу жұмыстарының барысымен жіті танысқан аудан басшысы бірқатар сын-ескертпелер айтты.
Басты мақсат – аудан орталығын талапқа сай абаттандыра отырып, сапасыздыққа жол бермеуді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Қала әкімі Е.Бекетке қала көшелеріндегі ретсіз қоқысты тазарту үшін тиісті мердігерлерге талапты күшейтуді, сондай-ақ, қала ішінде орналасқан баннерлерді түгелдей жаңарту жөнінде тапсырма берді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»