Понедельник, 01 Июль 2019 13:52

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің» жәрмеңкесі өткізілді

Мақтаарал ауданы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның «Халықа қызмет көрсету орталығының» Мақтаарал аудандық бөлімінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, әкімдік қызметкерлері мен ХҚКО мамандары кешегі сәрсенбіде Мырзакент кентіндегі «Мәдениет үйінде», 27 маусым күні Атакент кентіндегі Атакент кенті әкімі аппаратының ғимаратында, 28 маусым күні орталық базар аумағында халық жиналатын орындарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара барысында қызметтерді электронды үкіметтің «Egov.kz» порталы арқылы және «EgovKzBotTelegram» арқылы алу жолдары насихатталды. 

Іс-шара барысында жарнамалық брошюралар мен қосымшаларды пайдаланудың ыңғайлы видеороликтері көрсетілді. Қазіргі таңда «EgovKzBot» қосымшасы арқылы 25 қызмет көрсетіледі. Айта кетейік, бір жыл бұрын іске қосылған «EgovKzBotты» 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгерген. «Бот» қызметін пайдалану үшін «Мобильді азаматтар» базасында тіркелуі шарт.

Бүгінде ол базаға 6,8 млн. адам өз мәліметтерін енгізген. Акция барысында 500-ге жуық тұрғын «Телеграммен» қамтылды.

«EgovKzBotTelegramды» қалай орнату керек? 1-қадам: «AppStore» немесе «Coogleplay» арқылы өз смартфонымызға орнатамыз. 2-қадам: «Іздеу» батырмасы арқылы «EgovKzBot» табамыз. 3-қадам: «Start» батырмасын басамыз, өз телефон нөмірімізді жібереміз. 4-қадам: Көрсетілген түймелердің қадамын өзіңізге керекті қызметті сұрай аласыз. 5-қадам: Сұрау нәтижесі бойынша өзіңізге жүктей аласыз немесе электронды поштаға жібере аласыз.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 836 times