Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Кентау қаласындағы Ясауи даңғылы бойындағы аллеяда арнайы белгі орнатылған болатын. Дегенмен, сыртқы шынылары сынып, көркі бұзылған нысанға қала тұрғындары сын тағып, алып тастау керектігі жөнінде ұсыныс айтып жүретін. Жиында талқыланған мәселелер барысында аталған белгінің орнына Рәміздер алаңын салу туралы ұсыныс айтылды.
Көпшілік те қолдау білдіргенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, жиында 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша қалалық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков, халықты әлеуметтік қолдау аясында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлия Усманбетова, қалада жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары мен жобалар туралы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Орынбай Дәулетшиев баяндап өтті.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»