Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Асықата кентінде ашылған «Мырзашөл» ақпараттық-білім беру орталығының мамандары жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша ақпараттық кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, аудандағы жас отбасылар мен мамандығы бар, бірақ, жұмымсыз жастарды жұмыс күші тапшы өңірлер саналатын Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан сынды облыстарға жұмысқа орналастырумен айналысады. Сонымен қатар талапкерлер мен ата-аналарға қызмет тегін қызмет көрсететін орталықта тұрғындардың білім-ғылым, құқықтық мәселелері бойынша да кеңестер беріледі. Айта кетейік, аталмыш орталықтың ашылуына Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жекеменшік мекемесі мұрындық болып отыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»