«Жарылыстан өз үйіме де зақым келді» деген Арыс қаласының әкімі алдымен халықтың баспанасын жөндеп беруге жағдай жасамақ екен. Тілшілерді құрылыс барысымен таныстырған Мұрат Қадырбек қазір 700-ден астам үйдің жөнделіп жатқанын жеткізді. 180 баспана қалпына келтірілген. Жарылыс кезінде қаладағы 30 балабақшаның барлығы бүлінген. Билік өкілдері «10 күн ішінде соның жартысын іске қосамыз» деп уәде етті.
Сұмдық жарылыстан халық тек баспаналарынан ғана емес, мал-мүлкінен де айырылды. Алайда шенеуніктер «мүлкін өтеп бермесек те, тұрғындардың күнкөрісіне жарап тұрған мал шаруашылығын реттуге қолғабыс жасаймыз» деп отыр.
Өтемақы жарылыс кезінде зардап шеккен қалаға жапсарлас орналасқан ауылдық елдімекен тұрғындарына да тиесілі. Құжат қабылдау мерзімі шектеусіз. Тұрғындар кез келген уақытта көмекке иек арта алады. Тек Арыста тұрғылықты тіркеуде болу керек.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.