Среда, 07 Август 2019 10:49

Түркістан облысының туристік әлеуеті Өзбекстанда таныстырылды

Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.

Іс-шараға  туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйымдары қатысты. Онда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып,  Өзбекістанның туристік өкілдері зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде, туристік ұйымдар арасында 10-нан астам келісімдерге қол қойылып, бірлескен туристтік маршруттар ұйымдастыруға келісті.

Сондай-ақ облыс делегациясы Ташкент қаласында «Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығы жұмыстарымен танысып бірқатар келісімдерге келді.

 «Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы 5 га аумақта орналасқан. 2017 жылы құрылысы басталып 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Орталықта 30-дан астам шеберханалар жұмыс істейді. Негізгі бағыты – ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасау. «Сузук-ота» тарихта Қожа Ахмет Ясауидың ең сүйікті немересі болған. Ал, «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығында 100-ден астам шеберлер орналасқан. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 402 times