Четверг, 08 Август 2019 10:21

Түркістандық БАҚ өкілдері Қостанай облысына қонысын аударған азматтардың тыныс-тіршілігімен танысты

«Түркістан - Қызылжар - Қостанай – Көкшетау» ақпараттық турында жүрген түркістандық БАҚ өкілдерінің сапары Қостанай облысы, Сарыкөл ауданында жалғасын тапты. Тәгіл ауылдық округы, Соналы ауылына ат басын тіреген делегация ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, Соналы орта мектебіне барды.

Бұл мектепте Түркістан облысы, Жетісай ауданынан былтыр көшіп келген Ақшолпан Зұлпыхарова орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 4 баланы анасы Ақшолпан өзінің батылдық танытып көшіп келгеніне өкінбейтінін жеткізді. Жұмысшы болып істейтін жолдасының айлығы да жеткілікті. Сондай-ақ, аталған мектепте медбике болып жұмыс атқаратын Тұрсынай Сафарова да мамандығы бойынша Жетісай ауданынан көшіп келген. Айта кетерлігі, Соналы мектебінде 41 оқушы болса, соның ішінде 19 оқушы оңтүстік өңірден көшіп келген отбасылардың балалары. Күнгейден көптеп келген оқушылардың арқасында жабылуға шақ қалған мектеп қазір толыққанды жұмыс істеуде.

Бұл ауқымды әрі маңызды сапар Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Қостанай облысы да қоңыржай климаты бар, ауыл шаруашылығы мен егін егуге қолайлы өңір. Бұл өңірге қоныстанған күнгейліктердің өмірімен танысуға келген журналистер қауымы бірнеше аудандарды аралайтын болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 337 times