Депутаттар алдымен Шарбұлақ ауыл округіне қарасты «Бірлік» өндірістік кооперативінің қарқынды бау жұмысымен танысты. Мұндағы 86 гектар суармалы жердің 70 гектарына алма бауы егіліпті. Жалпы,шаруашылықта 180 адам еңбек етсе, ал оның 70-і «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан.
Мұнан соң халық қалаулылары Тұрбат ауылында орналасқан Смайыл ата кесенесіне бас сұқты. Мәдени мұра бағдарламасы аясында 2003-2005 жылдары қайта күрделі жөндеуден өткен кесене қазір қайта жаңғыртылуда. Сапар барысында сенаторлар аймақ әкімдігінің мәжіліс залында облыс, аудан депутаттарымен бас қосты. Онда бірқатар мәселелерді ортаға салып, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Парламентте қаралған заңдарды талқылады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»