Аудан әкімі Әліпбек Өсербаевқа жыл басынан бері атқарылған жұмыс барысын баяндаған Төрткүл ауыл округінің әкімі Өтеміс Мұхтарған осылай деді. Баяндамада аталған көрсеткіштерді бағамдай келе, аудан басшысы құрылысы аяқталған мектеп ғимараттарын көгалдандыру мәселесіне, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойында орналасқан ауылдардың тазалығына, ауылшаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерге ерекше назар аударды. Салық саясатындағы олқылықтарды да сынға алды. Жауапты мамандарға тәртіптік шара көруді тапсырды.
Аудан әкімі: «Көтере алмайтын шоқпарды белге байламайды. Міндетіне салғырт мамандар тек бір ауылдың емес, ауданның көрсеткіштеріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан нәтижелі жұмыс көрсетуге күш салыңыздар», - деп, көшпелі жиынды қорытындылады.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.