Чехия университеттерінде шамамен 2000 қазақстандық студент оқитынын айтқан қала басшысы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатарШымкенттің инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталды.
«Біз Шымкент қаласынан студенттерді Чехияға ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тағылымдамадан өтуге жібере аламыз. Сондай-ақжеңіл өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласына Чех кәсіпкерлерін инвестиция салуға шақырар едім. Біздің өңірде бизнес климатты дамытуға барлық жағдай жасалған. Қалада екі индустриялық аймақ пен бір арнайы экономикалық аймақ сәтті жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта жаңа екі индустриялық аймақ құрылады. Осы аймақтардағы жобаларға қатысуға чех инвесторларын шақырамын», - деді Е.Айтаханов.
Өз кезінде мәртебелі мейман Қазақстан Республикасы мен Чехия арасында тұрақты саяси диалог жүргізіліп келетінін айтып, Чехия ел аймақтарымен соның ішінде Шымкент қаласымен де қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін атап өтті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.