– Президент Жолдауы – ел өміріндегі елеулі жаңалықтардың бірі. Стратегиялық маңызды құжат еліміздегі жағымды жаңалықтардың жаршысы іспетті. Ұстаздар– әр адамның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маман иелері. Ұстазсыз адам болмайды. Міне, осы орайда ұстаздар қауымына арнайы заң жобасы дайындалып жатыр, – деді Қайрат Ырзақұлұлы.
Басқосуда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, саяси ғылымдар кандидаты Сәкен Мәжінбеков:«Жастарға сапалы білім беру арқылы келешегімізге алғышарттар жасаймыз» – деген пікірімен бөлісті.
Ал Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев еліміздегі жас буын өкілдерінің негізі мәселелеріне тоқталды.
Ақпараттық-насихаттық топтың құрамында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Құдайберген Қалдықараев та сөз алып, жиынға қатысушылармен пікір алмасты. Студент жастар жиын соңында сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.