Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың саясаттану пәнінің оқытушысы Қайрат Бименов, "Нұр Отан" партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков Жолдаудың басым бағыттарын талдап берді. Басқарма басшысы елімізде әлеуметтік салаға маңыз беріліп отырғанын, Жолдау аясында атқарылар жұмыстардан хабардар етті. Саясаттану пәнінің оқытушысы Қайрат Бименов ұлттық имммунитетті қалыптастыру, жаhандану дәуірінде жалған ақпараттың жетегіне ермеу туралы мағыналы ойлар айтса, Ж.Қамбарбеков өз баяндамасында әлеуметтік сала қызметкерлері жауапкершілікті сезінуі тиістігіне назар аударды.
Жиында мекеменің бас дәрігері Сәрсен Пернебеков Жолдауға сәйкес, медициналық көмектің қолжетімділігі артып, медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі саладағы зор жетістік екенін мәлімдеді. Сәрсен Махамбетұлының айтуынша, таяу уақытта мекемеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи оңалту орталықтары ашылмақ.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.