Суббота, 02 Ноябрь 2019 15:19

Шымкент: «Ескі қалашықтағы» цитадель шаһардың негізгі туристік орындарының бірі болмақ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы Цитадельге барып, құрылыс барысымен танысты. Ерлан Қуанышұлы келер жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы екенін тілге тиек етіп, жауапты мамандарға жұмысты қарқынды түрде жандандыруға қатаң тапсырма берді.

Айта кетейік, Цитадель алдағы уақытта Шымкенттің негізгі туристік орындарының бірі болмақ. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтереді. Қайырымды қала тұрғындары мен қонақтары ескі қалашықтан табылған жәдігерлерді де көре алады. Аралау барысында шаһар басшысы жұмыстың сапалы әрі өз уақытымен аяқталу керегін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Еске сала кетсек, нысан 2020 жылға өтпелі. Ескі қалашықты қалыпқа келтіру үшін 10-ға тарта кәсіпкерлік нысан мен 25 үй сүріледі. Бұл маңнан ескі қорған, Цитадельмен қатар ашық аспан астындағы мұражай салынады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 492 times