Кездесуде кезек күттірмейтін білім саласындағы өзекті мәселелер, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, уақытты тиімді пайдалану, үнемі іздену арқылы өзін-өзі дамыту сынды мәселелер талқыланды. «Мен айтар едім, біліммен қатар тәрбие де жүру қажет. Қазіргі жастар қазақтың салт-дәстүрін ұмытпау керек. Кезінде Әл-Фараби:«Тәрбиесіз білім адам баласына жат»- деп бекер айтпады. Өз-өзіңді дамытуды, алған біліміңді жетілдіруді үнемі жалғастырып отыру керек, сонда ғана көздеген мақсатыңа жетесің» – деді Ерлан Айтаханов.
Екі сағатқа созылған кездесуде жастар сан түрлі бағытта сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ қала әкімі еркін форматта жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.