Пятница, 08 Ноябрь 2019 10:08

Түркістанда «Рухани керуен» жобасының мүшелерімен кездесу өтті

Түркістанға «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» атты Рухани керуен сапары келді. Түркістан және Алматы облыстық мәслихаттарының қолдауымен, Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген келелі кездесуде қонақтар мен түркістан жұртшылығы пікір алмасып, тағылымды оймен бөлісті.

Киелі Түркістан жеріне келген мәртебелі қонақтар алдымен Қ.А.Яссауи кесенесін зиярат етіп, ата-баба рухына құран бағыштады. Мұнан кейін, қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған кездесуге қатысты. Жиында облыстық мәслихаттың хатшысы бүгінгі шараның маңыздылығын ерекше атай келе, «Елдік жобаның Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне табан тіреуі рухани сапардың мәнін айшықтағандай. Жетісу өңіріне қарасты шекара аймақтарын аралаған «Рухани керуен» ІІІ кезеңінің сапары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әріптестік байланысты нығайту, діннің асыл құндылықтарын, ұлттық, мәдени салт-дәстүрімізді жан-жақты дәріптейді. Сол себепті, ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміздің қасиетті ұғымын ұлықтау әрбір азаматтың парызы деп білемін» - деді.

Ал, шараға қатысқан Алматы облысы мәслихатының хатшысы - Дүйсенбинов Сұлтан Мырзабекұлы, Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы - Есдәулетов Рахмет Разбекұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, Республикалық ақпараттық түсіндіру топ мүшесі, дінтанушы, Phd докторы - Шағырбаев Алмасбек Дүйсенбекұлы, облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының ақпарат саласының үздігі, ақын - Әміреев Жұматай Оспанұлылар да арнайы сөз сөйлеп,  Елбасының бағдарламалық мақаласында көрсетілген басты бағыттар бойынша берілген тапсырмалар туралы ой қозғады. Жиын соңында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Алматы облысының дін істері басқармасының арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 337 times