Бүгінгі таңда өңір жастарының көтерген мәселесі назардан тыс қалмай, аудан әкімі Н.Тұрашбековтың бастамасымен іске асып отыр. «Тұңғыш Президент» саябағында бүгінгі күнде «Жастар аллеясының» құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Аллеяның ашылу салтанатына аудан әкімі Н.Тұрашбеков, Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор – М.Мырзахметов Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов бастаған облысымыздың әр ауданынан келген зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар, салтанатты шара барысында келген қонақтар отау құрған жас отбасыларға неке куәліктерін тапсыру рәсімінің куәсі болып, аллея аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»