Депутаттық фракция мәжілісінің күн тәртібінде «2016-2020 жылдарға арналған Түркістан облысының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуы және проблемалық мәселелерді талқылау туралы» мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша фракцияның бірнеше мүшесі сөз ұсыныс-пікірлер айтты. Нәтижесінде облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мәжілісі күн тәртібін жан-жақты талқылап, облыс әкімінің орынбасары Ж. Аманбаевтың баяндамасы назарға алынсын деген тоқтамға келді. Арнайы қаулы қабылдады.
Қаулыда өңірдегі «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламаларының жаңа механизмдермен жұмыс істеуіне аудан, қалалардан ұсыныстар жинақтау, аудандар мен қалалардағы тұрғындарды сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерін тездетіп шешу мәселелері орын тапқан. Сондай-ақ өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, жергілікті органдарда жоспарланған индикаторларға қол жеткізу, облыс көлемінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау, өңірдегі инвестициялық климатты жақсартуға ұсыныстар жинақтау туралы да міндеттер жүктелген. Осы қаулыға сәйкес, ұсыныстардың қорытындылары облыстық партия филиалына ұсынылып, міндеттердің орындалуын бақылау «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына жүктелді.
Депутаттық фракция мәжілісінде облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев өңірді дамыту бағытында әрбір азамат талапқа сай жұмыс істеуі керектігін айтты. «2016-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасы ертеректе қабылданған. Мұндағы индикаторлар тиісті деңгейде орындалып келеді. Дегенмен бүгінде облыс бөлінді. Дамудың жаңа бағыттары белгіленді. Қазір Түркістан облысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан да бағдарламадағы индикаторлық көрсеткіштерді жоғарылатып, талапты күшейту керек деп ойлаймын. Осы бағытта іске кірісеміз. Фракцияда өңірдегі маңызды мәселелерді талқылауды күшейтеміз» деген облыс әкімі фракция мүшелері мен орынбасарларына және басқарма басшыларына тапсырмалар берді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»