Четверг, 07 Ноябрь 2019 12:47

Шымкент: Бюджет қаржысы инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданына 24 шағынаудан мен елдімекен қарайды. Алдағы уақытта бюджеттің 50 пайызы осы 24 елдімекеннің инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға жұмсалмақ. 

– Ерлан Айтахановтың тапсырмасымен Тұран шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешеніне №171 бағытта қоғамдық көлік жүре бастады. Дегенмен екінші күні-ақ кешігу, ерте тоқтап қалуы туралы шағым айтылды. Ол мәселеге жауаптылар қала әкімінен сөгіс алды. Қазір аталған бағыттағы қоғамдық көлік уақтылы қатынауда. Сондай-ақ қала әкімі «Әдияға» қосымша қоғамдық көлік қатынауын қарастыруды тапсырды. Осыған байланысты Тұран шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешеніне баратын жол құрылысын жеделдету үшін бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді. Алдағы 10 күнде «Әдияға» апаратын жолдың бір жақ беті пайдалануға берілмек, – деді БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов.

Журналистердің алдында Қаратау ауданында 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары баяндалды. Аудан әкімінің айтуынша, соңғы кездері қоқыстан тазарту, санитарлық жұмыстарға да 58 млн. теңге көлемінде қаржы қаралған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 814 times