Яғни, бұл формат арқылы жергілікті тұрғындар әкім және оның қызметкерлерімен ашық түрде тығыз байланыста бола алады. Әкімдіктің орталыққа орын ауыстыруы ең алдымен жергілікті халық үшін ыңғайлы болмақ. Оның үстіне жаңа ғимаратта «Nur Otan» партиясы филиалы мен ардагерлер кеңесі орналасатын болады. Осылайша Келес ауданы «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс форматына көшуді көздеуде. Ескі ғимараттың толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп болған соң, білім ұясына берілетін болады.
Әзірге аудандағы 12 ауыл округінің ішінде Ақтөбе және Жүзімдік ауылдық округтерінің әкімдік ғимараттары жөндеуден өтіп, жаңа форматпен жұмыс істеуде. Алдағы уақытта аудандағы барлық ауылдық округтердің әкімдері жаппай бірінші қабатқа түсіріліп, «Open Space» жобасында жұмыс істеуге көшеді. Сонымен қатар, ашықтық пен жариялылыққа ұмтылған әкімдіктің алдағы жоспарларының тағы бірі – халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын оңтайландыру.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»