Түрлі ұлт өкілдерінің мүшелері жиналған жиын еркін форматта өтті. Басқосуда ұйым басшылары жастар жылында атқарылған істерге тоқталды. «Жастар қанатының» төрағалары әртүрлі қайырымдылық шараларын өткізіп, білім ордаларында да бірқатар мерекелік концерттер ұйымдастырған. Жиын барысында Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігі жанындағы «Жастар қанатының» жұмысы ерекше назарға алынып, бағаланды. Бірлестік басшылары елдегі ұлттар арасында тұрақтылық пен татулықтың тұғыры берік болуы үшін берекелі бастамалар жолын жалғастыратындықтарын айтты.
«Бүгінгі жиында біз атқарған істерімізбен және алдағы жылғы жоспарларымызбен бөлістік.Түрік этномәдени бірлестігінің «Жастар қанаты» өткен жылы көптеген шаралар өткізді. Атап айтар болсақ, қайырымдылық қорларын ұйымдастырдық. «Арыс, біз біргеміз» акциясына қатыстық. Білім мекемелерінде де түрлі концерттер өткіздік. Спорттық шаралардан да кенде емеспіз. Алдағы жылы да осындай қарқынмен жұмыс істейтін боламыз» - дейді Түркістан облысы түрік этномәдени бірлестігі жанындағы «Жастар қанатының» төрайымы Мальвина Пазаева.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»