Четверг, 14 Ноябрь 2019 06:17

Түркістан облысы: Шардара ауданы әкімінің азаматтарды қабылдау күні белгіленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. 

Осыған байланысты мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл 21 қарашада өткізу жоспарланды. Онда барлық деңгейдегі әкімдер (облыс, аудан, қала, ауылдық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері) тұрғындарды қабылдайтын болады. Осыған орай, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Жолдыбай ағымдағы жылдың 21 қарашасында Шардара қаласы, Төле би көшесі №40 «б» мекенжайда сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін) жеке қабылдау өткізеді. Алдын ала қабылдауға жазылу 8 (72535) 2-12-55, 2-19-49 байланыс телефондары арқылы 15 қараша сағат 9:00-ден басталып, 20 қараша сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі. Өтініштеріңізді zh.doskaraev@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы жолдауларыңызға болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 408 times