Воскресенье, 10 Ноябрь 2019 10:24

Түркістан облысы: Сайрамда «Nur Otan» партиясының жиыны өтті

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Әбдіқадыров Алмас Әбдрахманұлы «ҚАРАСУ» бастауыш партия ұйымының жиналысына қатысып, партия мүшелерімен кездесу өткізді.

Алмас Әбдрахманұлы бастауыш партия ұйымының жиналысында Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасы аясында бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру жайлы партияның алдағы атқарар жұмыстарына кеңінен тоқталып, партия мүшелерімен ашық пікір алмасты. Сонымен қатар бастауыш партия ұйымы жиналысының күн тәртібіндегі екінші мәселе «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Сайрам аудандық сотының судьясы Қожамуратова Динара, Сайрам аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты әлеуметтік сүйемелдеу секторының меңгерушісі Ғалым Диллабекұлы отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын-алу мақсатында арнайы баяндама жасап, белсенді партия мүшелерімен ой бөлісті.

Жиын соңында «Қарасу» БПҰ төрағасы өзінің төрағалық қызметін тоқтатып, бастауыш партия ұйымының төрағасына жаңа азаматты сайлау керектігін атап өтті. Партия мүшелерінің бастамасымен «Қарасу» бастауыш партия ұйымының төрағалығына «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, жеке кәсіпкер Асқаров Ержан Өміртайұлы ұсынылып, көпшілік дауыспен сайланды. Ал өз кезегінде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы партия ардагері Мұсабек Өмірзақ ағамызға құрмет көрсетіп, партия алғысымен марапаттады. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыстар атқара беруге шақырды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 364 times