Пятница, 15 Ноябрь 2019 00:31

Түркістан облысы әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биылғы жылғы21 қарашада өткізу жоспарланды. 

Онда барлық деңгейдегі әкімдер (облыс, аудан, қала, ауылдық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері) тұрғындарды қабылдайтын болады. Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің облыс тұрғындарын ағымдағы жылдың 21 қарашасында Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 мекен жайда сағат 9:00-ден

19:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін) жеке қабылдауы өткізіледі. Алдын ала қабылдауға жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-91-44, 5-97-00 байланыс телефондары арқылы жұмыс уақытында 15 қараша сағат 9:00-ден басталып 20 қараша сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар t.akimat@ontustik.gov.kz электронды пошта арқылы жолдауларыңыз болады. (Қабылдауға жазылудың мақсаты – көтеретін мәселе бойынша тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету. Осыған орай, өтінішіңіздің мәтінін толық көрсетуді және кері байланыс орнату үшін мекенжай, байланыс телефоны және электронды пошта көрсетілуі қажет).

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 586 times