Воскресенье, 10 Ноябрь 2019 16:46

Түркістан: «Достық керуені» Шардарада жалғасын тапты

Татулықты ту еткен «Достық керуенi» Шардарада жалғасын тапты. Аудандық ҚХА өкілдері жастармен кездесіп, ұлтаралық татулық пен бірліктің маңыздылығын насихаттады. Акция аясында аудандағы колледжде арнайы «Шығыс базары» атты iс-шара ұйымдастырылды.

Аталмыш білім ордасында бірнеше ұлттың баласы оқиды. Бір шаңырақ астына шоғырланғандар салт-санаға толы түрлі қойылым қойды. Қазақ жастары ұлтымызға тән тұрмысты айнытпай көрсетті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған шәкірттер спорттық шеберліктерін де паш етті. Іс-шара барысында аудандағы тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Кеш қонақтары колледж студенттері жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалап, жоғары баға берді. Бағдарлама «Балауса» бөбекжай балабақшасында ұласты.

Шара соңында аудандық мәдениет үйiнде зиялы қауым өкілдері еркiн форматтағы дөңгелек үстелде бас қосты. Онда туған жерді түлету тұрғысында ұтымды ұсыныстар айтылды. Қоғамға қозғау салатын ойлар ортаға салынды. Жиын өскелең ұрпақтың елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға септігін тигізді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 381 times