Понедельник, 18 Ноябрь 2019 00:17

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында айыппұлды уақытылы төлеуге байланысты жиын өтті

Қазығұрт ауданы прокуроры Б.Қорғанбаевтың үйлестіруімен 2019 жылдың 10 айында аудан аумағында әкімшілік айыппұлдарды өндіру жағдайы бойынша Қазығұрт аудандық ПБ, Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық әділет басқармасы, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және аудандық ветеринария бөлімі босшыларының қатысуымен мәжіліс өткізілді. 

Қазығұрт ауданы бойынша ағымдағы жылдың 10 айында жалпы 6 736 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде 5 095 хаттамалар бойынша 59 826 262 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Әкімшілік айыппұл салынған 5 095 хаттаманың (59 826 262 теңге) 3825-і (51 151 191 теңге) өндірілген, қалдықта 1270 әкімшілік хаттама (8 675 071 теңге) қалып отыр екен. Мәжіліс нәтижесінде құқық қорғау және уәкілетті органдармен мемлекеттік бюджет қаржысын толтыруға бағытталған іс-шаралар талқыланып, тиісті шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді. Нақты атап көрсеткенде, құқық қорғау және уәкілетті органдар өз құзыретінің шегінде айыппұлдарды өндіріп алу үшін түбегейлі шаралар қолданылмауда. Сондықтан аудан прокуроры уәкілетті органдарға айыппұлдарды құқық бұзушылардың жалақысынан өндіріп алу туралы, ал жалақысы жоқ жағдайда, қаулыны сот орындаушыларға жіберуді тапсырды.

Бұдан бөлек әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалған күннен жеті күн ішінде айыппұлды төлеген жағдайда айыппұлдың 50 пайызы төленетіні туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Қазығұрт ауданының прокуратурасымен осы мәжіліс өткізуінің басты мақсаты мемлекеттік бюджет қаржысын толтыру, аудан тұрғындарының арасында әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 411 times