Понедельник, 18 Ноябрь 2019 03:43

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл 21 қарашада өткізу жоспарланды. 

Ол күні барлық деңгейдегі әкімдер (облыс, аудан, қала, ауылдық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері) тұрғындарды қабылдайтын болады. Осыған орай, Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбековтің аудан тұрғындарын ағымдағы жылдың 21 қарашасында Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 мекенжайда сағат 9:00 ден 19:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін) жеке қабылдауы өткізіледі.

Алдын ала қабылдауға жазылу 8 (72538) 52-857 байланыс телефоны арқылы 18 қараша сағат 9:00-ден басталып 20 қараша сағат 19:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар n.kistauova@ontustik.gov.kz электронды поштасы арқылы жолдауларыңыз болады.

(Қабылдауға жазылудың мақсаты – көтеретін мәселе бойынша тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету. Осыған орай, өтінішіңіздің мәтіні және кері байланыс орнату үшін мекенжай, байланыс телефон және электронды пошта көрсетілуі қажет).

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 646 times