Сонымен қатар қабылдау барысында Қоғалы ауылдық округінің тұрғыны Гүлзира Тұрсынбаева әлеуметтік көмек туралы, Киелітас ауылдық округінің тұрғыны Алексей Шишкалов жер мәселесі бойынша, Біркөлік елді мекенінен келген Есімхан Керімбаев «тұрақты жұмыс пен үй кезегі келгенше, уақытша баспана болса», - деп өтініш-тілектерін білдірді.
Осы ретте аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін, мұң-мұқтажын мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің бірқатарының шешілетінін, кейбірі заң тұрғысында қарастырылатынын жеткізді. Өз кезегінде жауапты бөлім басшыларына тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.