«Шыңғыс» шаруа қожалығы жалпы 2,4 гектар аумаққа орналасқан болса, оның ішінде құрама жем цехы 0,3 гектарды құрайды. Жем-шөп шығарумен айналысып отырған шағын цех күніне 5-6 тонна құрама жем дайындайды екен. Қазіргі таңда шаруа қожалығы 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғаны қуантады.
Бұдан соң аудан әкімі ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы аталмыш ауылдық округ бойынша қордаланған өзекті мәселелерді заң аясында шешу жолдарын айтып, ауылдық округі әкімі мен жауапты мамандарына ауыл тұрғындарының өтініштері мен пікірлерін ескеруді және ұдайы кері байланыста болуды тапсырды.
Айта өтейік, жуырда ғана аудан тізгінін ұстаған Мұхит Отаршиев Сарыағаш ауданы аумағындағы барлық ауылдық округтерді аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып жүр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.