Жастар марафон-эстафетасын Қазығұрт ауданына тапсыру рәсіміне аудан әкімі Мұхит Отаршиев пен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы С.Жантөреев, Қазығұрт ауданынан келген арнайы делегация өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Марафон қорытындысымен «Жастар туы» мен фотоальбомға тілектер жазылып, фотосуреттермен толықтырылды. Сөйтіп салтанатты түрде Қазығұрт ауданына берілді.
Айта кетейік, марафонның негізгі мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. 11 қазаннан бастау алған марафон аясында Сарыағаш ауданында түрлі форматтағы іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, эссе конкурстар мен интелектуалды ойындар, бейнежазба және вайн байқаулары, пікірталас және брейнг-ринг турнирлері, КВН мен флеш-мобтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, автокеруен мен дөңгелек үстелдер, конференциялар мен семинарлар, бірыңғай тәрбие сағаттары мен, жастар тәрбиесі мәселелері бойынша кездесулер, театрландырылған қойылымдар, спорттық іс-шаралар және т.б. барлығы 410 іс-шара өткізіліп, оған 21 мыңнан астам жас қатысты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»