Вторник, 19 Ноябрь 2019 02:12

Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Бозай жұртшылығымен кездесті

Аудан әкімі Ақментай Есбаев пен «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полковник Шырынбек Оңғаров, тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты. 

Кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан қайта құрылуына байланысты көп жылдан бері қордаланып келген мәселелердің біршамасы бір жыл ішінде шешімін тауып, негізгі көшелерге шағал төселгені, шешімін тауып жатқан ауызсу мәселесі және апатты ғимаратта орналасқан ауыл округі әкімдігінің жаңа ғимараты үшін аудан әкімі А.Есбаевқа алғыстарын білдіріп, ендігі кезекте Бозай елді мекенінде ЖСҚ дайындалған ауыз су мәселесі мен сметалық құжаттары дайындалған Бозай елді мекеніндегі А.Құнанбаев, С.Сейфуллин, Тентексай елді мекеніндегі Ш.Қалдаяқов көшелеріне шағал шағал төсеу мәселелерін көтерді.

Аудан әкімі А.Есбаев көтерілген мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, ауыл округі әкімдігі биыл жаңа ғимаратқа орналасатынын, жаңа ғимаратта жаңаша жұмыс жүргізу талап етілетінін айтып, жаңа ғимарат маңын көгалдандыру мен бірқатар мәселелер бойынша тиісті бөлім және мекеме басшылары мен ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 460 times