Кездесу барысында ауыл округінің төбе биі Ә.Тұрабеков ауыл округінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан игі істерге ризашылығын білдіріп, округ аумағындағы 3 елді мекенде ұңғыма қазылып, жерасты су қоры анықталып, халық тасымалдап ішіп жатқанын айтып, ауылға су жүйесі құрылысын жүргізу қажеттігін, Бекбота-Ащыкөл бағытындағы 10 шақырым жолды асфальттау және Ащыкөл елді мекеніндегі су резервуарын сыйымдылығы жоғары резервуармен алмастыру мәселелерін көтерді.
Қалғансыр елді мекенінің ауыл биі Ы.Сахов әкімдердің халықпен кездесуін жиілетіп, проблемаларды шешуге септігін тигізіп жатқан жергілікті билікке ризашылығын білдіріп, ауылда неше жылдан бері шешімін таппай, бүгінде шешімін тапқан ауыз су мен Ащыкөл-Қалғансыр аралығындағы 7,5 шақырым жолға мердігер анықталып, шағал төсеу жұмыстары басталып жатқаны, ауылдан ашылған балабақша үшін аудан әкімі А.Есбаевқа алғысын білдірді. Ендігі кезекте осы жолдың әрі қарай 2,5 шақырымына шағал төселсе, Шардара бағытына төте жол ашылатынын жеткізді.
А.Есбаев айтылған ұсыныс-пікірлердің бақылауға алынып, міндетті түрде шешімін табатындығын жеткізіп, ауыл округіндегі 3 елді мекенге ауызсу жүйесін тарту бойынша ЖСҚ дайындалып, республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, келесі жылы құрылысы басталатынын, Бекбота-Ащыкөл бағытындағы 10 шақырым жолды асфальттаудың сметалық құны көлемді болуына байланысты облыстық бюджеттен қаржыландыру бойынша сұраныс берілгенін, Ащыкөл елді мекеніндегі су резервуарын ауыстыруды өзінің жеке бақылауына алып, шешімін табатынын, ал Шардарамен жалғайтын 2,5 шақырым жолға шағал төсеу мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, тұрғындарды жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бірге қадағалауға шақырып, жиынды қорытты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.