Сонымен қатар Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай: «Сіздер – ауданымыздың, еліміздің демографиясына орасан зор үлес қосып отырған жандарсыздар. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың дені сау болып, елге елеулі, халқына қалаулы азаматтар болуына тілектеспін. Және өздеріңіз сияқты асыл да батыр аналар көбейсін! Біз сіздермен мақтанамыз»-деп, өз ізгі тілегін білдірді.
Айта өтейік, соңғы жылдары мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға зор қолдау көрсетіліп келеді. Бұл өз кезегінде демографиялық өсімге оң әсер ететіні анық.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.