Понедельник, 11 Ноябрь 2019 19:45

Түркістан облысы: Сарыағашта кәсіпкерлік саласы мен бюджеттің атқарылуына арналған мәжіліс өтті

Саырағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалығымен әкімдіктің мәжілісі өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Бірінші, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы ауданға инвестиция тарту, кәсіпкерлік саласы бойынша үш жақты келісім шарттың орындалуы туралы баяндамасы тыңдалды. Екінші, ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы баяндама оқыды. Аудан басшысы бірқатар ауылдық округтерде «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламаларының көрсеткіштері және ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция тарту көрсеткіштерінің төмендігін атап өтіп, ауылдық округ әкімдеріне ескерту жасады.

Сонымен қатар, жоспарға қойылған межелерді орындау мақсатында әр бір әкімдік өздеріне қарасты әкімшілік-аумақтық бірлікте индикатор көрсеткіштерінің орындалуы бойынша және бөлінген бюджет қаржыларының тиімді және уақытылы игеру жұмыстарын жандандыруды және жыл соңына дейін белгіленген межелердің толық орындау қажеттігін тиісті мекеме басшыларына қатаң түрде ескертті.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 503 times