Среда, 20 Ноябрь 2019 17:43

Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы Жаңаауыл жаңаша түрленеді

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің брифинг залында Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров 10 айда атқарған жұмыстарының есебін берді. 

Жаңаауыл ауылдық округі бойынша қысқаша мәлімет бере кететін болсақ. Ауылдық округ 6 елді мекеннен құрылған, орталығы – Мырзашөл елді мекені. Ауылдық округке қарасты 6 елді мекенде 17626 халық тұрады. Тұрғындардың негізі 5 ұлт өкілінен құралған. Жалпы аумағы 12364,5гектар, соның ішінде 7073,7 гектар суармалы егістік алқапты құрайды. Мұнда 5 мектеп, 10 балабақша бар. Бұл ауылдық округте көп жылдық екпелердің үлесі 605 гектар жерді құраған. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша тоқтала кетсек: 2019 жылдың 9 айында 28500 тонна бақша дақылдары, 6120 тонна көкөніс, 1450 тонна жоңышқа дақылдары өндірілген. Жол саласы бойынша: Ынтымақ елді мекенінде Таңшуақ көшесі 1,5 шақырым,

Әл-Фараби, Отан, Қазығұрт көшелерінеі жалпы ұзындығы 1,7 шақырым, Шойын көшесі 600 метр, Нұрлыжол көшесі 1,4 шақырым, Күншуақ көшесі 1,3 шақырым, Самал көшесі 1,3 шақырым және округ аумағында жалпы саны 11 көшеге ұзындығы 15 шақырым ішкі жолдарға асфальт төселген.

2019 жылдың 9 айында Жаңаауыл ауылдық округі аумағындағы елді мекендердегі ауыз су бойынша Әбдіхалық, Мырзашөл елді мекендерін «Жетісай топтасқан су жүйесі» ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңға тәулігіне 24 сағат ауыз су берілуде. «Мақтаарал сервис» МКК мекемесі Ынтымақ, Қарой, Жаңа ауыл, Атақоныс елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 565 times